Құтқарылуға апаратын «римдік жол» деген не?




Сұрақ: Құтқарылуға апаратын «римдік жол» деген не?

Жауап:
Римдік жол деген - Киелі кітаптағы Римдіктерге арналған хаттағы аяттарды келтіріп Ізгі хабарды тарату әдісі. Біз құтқарылуды неліктен қажет ететінімізді, Құдайдың осы құтқарылуды қалай қамтамасыз еткенін, оған қалай ие болатынымызды және құтқарылудың нәтижесінің қандай болатынын осы қарапайым, алайда тиімді әдіс арқылы адамдарға түсіндіреміз.

Құтқарылуға апаратын «римдік жолына» байланысты бірінші аятты оқиық: «Бәрі де күнә жасап, Құдайдың өздеріне белгілеген ұлылығынан құр алақан қалды» (Рим. хат 3:23). Біздің бәріміз күнә жасадық, күнәсыз бірде-бір адам жоқ.. Барлығымыз өмірімізде Құдайға ұнамсыз істер істедік. Римдіктерге арналған хаттың 3:10-18 аяттарында біз күнәларымыз анық сипатталған. Құтқарылуға апаратын «римдік жолына» байланысты екінші аят күнәның зардабы туралы айтады: «Күнәнің беретіні – (мәңгілік) өлім, ал Құдайдың беретін сыйы – Иеміз Иса Мәсіхпен тығыз байланыстағы мәңгілік өмір» (Рим. хат 6:23). Күнә үшін берілетін жаза - өлім! Тәндік өлім ғана емес, сонымен бірге рухани өлім!

Құтқарылуға апаратын «римдік жолына» байланысты келесі аят алдыдағы аяттағы (Рим. хат 6:23) Демек: «Құдайдың беретін сыйы – Иеміз Иса Мәсіхпен тығыз байланыстағы мәңгілік өмір» деген сөйлемнен кейін келесі аяттан мына сөздерді оқимыз: «Дегенмен, әлі де күнәкар болып жүрген кезімізде біз үшін Мәсіх өмірін құрбан етті! Осы арқылы Құдай бізге Өзінің зор сүйіспеншілігін дәлелдеді» (Рим. хат 5:8). Иса Мәсіх біз үшін өлді! Оның өлімі арқылы біздің күнәларымыздың құны өтелді. Ал Исаның қайта тірілуі Құдайдың Исаның өлімін біздің күнәларымыздың төлемі ретінде қабылдағанын растайды.

«Римдік жолға» байланысты төртінші аятта былай делінген: «Өз аузыңмен Исаны Жаратқан Ием деп мойындасаң, жүрегіңде Құдайдың Оны өлімнен қайта тірілткеніне сенсең, онда құтқарыласың» (Рим. хат 10:9). Иса біздің орнымызда өлді, сондықтан біз Оның өлімінің біздің күнәларымыздың құнын өтегеніне сенсек, онда құтқарыламыз! Римдіктерге арналған хаттың 10:13-аятында: «Иемізге сиынған әркім құтқарылады» деп жазылған. Иса біздің күнәларымыздың құнын төлеп, бізді мәңгілік өлімнен құтқару үшін өлді. Иса Мәсіхті Ием және Құтқарушым деп қабылдаған әркім күнәлары кешіріліп, құтқарылады..

«Римдік жолының» ең соңғы негізі - құтқарылудың нәтижесі. Римдіктерге арналған хаттың 5:1-аятында тамаша хабар жазылған: «Сонымен, Иеміз Иса Мәсіхке деген сеніміміз арқылы ақталғандықтан, Оның арқасында Құдаймен татумыз». Демек біз Иса Мәсіх арқылы Құдаймен татуласып, Онымен дұрыс қарым-қатынаста бола ала аламыз. Римдіктерге арналған хаттың 8:1-аяты бізге былай үйретеді: «Енді Иса Мәсіхпен тығыз байланыстағы адамдарға Құдай жазалау үкімін шығармайды». Иса Мәсіх біздің орнымызда өлгендіктен біз енді күнәларымызға бола ешқашан жазаланбаймыз. Сонымен бірге Римдіктерге арналған хаттың 8:38-39-аяттарында бізге мынандай керемет уәде беріледі: «Мен мынаған нық сенемін: өлім де, өмір де, періштелер де, жын-перілер де, бүгінгі күн де, болашақ та, табиғаттан тыс күштер де, не үстіміздегі, не астымыздағы ешқандай күш те, тіпті жаратылыстың басқа ешбір нәрсесі де бізді Құдайдың Иеміз Иса Мәсіх арқылы көрсетіп жүрген сүйіспеншілігінен айыра алмайды!»

Құтқарылуға апаратын «римдік жолмен» жүруге тілегіңіз бар ма? Егер олай болса, төменде көрсетілгендей мінажат етіңіз. Осы мінажат арқылы сіз өзіңіздің Құдайға сенетініңізді және сізді құтқарғаны үшін Оған риза екеніңізді білдіресіз. Алайда есіңізде болсын: сіз әншейін сиыну арқылы емес, Исаға сенім арту арқылы ғана құтқарыласыз.

«Құдайым! Мен Сенің алдында күнә жасағанымды мойындаймын және жазалануға тиісті екенімді білемін. Бірақ Иса Мәсіх менің Оған артқан сенімім арқылы кешірілуім үшін менің тартатын жазамды Өз мойнына алды. Мен өз күнәларымды мойындаймын және менің құтқарылу жолым жалғыз Сен ғана екеніне сенемін. Сенің маған төккен рақымыңа және бірген кешіріміңе рахмет! Аумин!»

Сіз осы жерде айтылғанды оқығаннан кейін Мәсіхті қабылдау жайында шешім жасадыңыз ба? Егер «иә» десеңіз, онда, «Мен бүгін Мәсіхті қабылдадым» деген түймені басыңыз.



Қазақ тіліндегі алғашқы параққа оралыңыз



Құтқарылуға апаратын «римдік жол» деген не?