Қайта туылған мәсіхші деген сөздің мағынасы қандай?




Сұрақ: Қайта туылған мәсіхші деген сөздің мағынасы қандай?

Жауап:
Қайта туылған мәсіхші деген сөздің мағынасы қандай? Бұл сұраққа Киелі кітаптағы Жохан жазған Ізгі хабардың 3:1-21 аяттары жауап береді. Бұл үзіндіде Иеміз Иса Мәсіхтің атақты парызшыл әрі Синедрион (яһудилерді басқаратын жергілікті үйым) мүшесі Нікөдеммен әңгімелескені жайлы жазылған. Нікөдем өзін толғандырған сұрақтарға жауап алу үшін Исаға түн ішінде келді.

Иса Нікөдеммен әңгімелескен кезде былай деді: «Саған өте маңызды шындықты айтып тұрмын: кімде-кім қайтадан туылмаса, Құдайдың Патшалығына кіре алмайды». Сонда Нікөдем мынандай сұрақ қойды: «Есейген адам қалайша қайта туылады? Шешесінің құрсағына еніп, екінші рет дүниеге келуі мүмкін бе?» Ал Иса оған былай жауап берді: «Саған өте маңызды шындықты айтайын: кімде-кім судан және Киелі Рухтан туылмаса, Құдайдың Патшалығына кіре алмайды. Тәннен – тән, Рухтан - рух туады. Менің «қайтадан туылуға тиіссіңдер» дегеніме таңданба!» (Жохан 3:5-6).

«Қайта туылу» деген «көктен немесе жоғарыдан туылу» дегенді білдіреді. Нікөдем шынымен осыған мұқтаж болды. Оның жүрегі рухани жағынан өзгеруге тиісті болған. Адам қайта туылып, Құдайға сенгеннен кейін Құдай оның бойына мәңгілік өмірді дарытады (Қорынт. 2-хат 5:17; Тит. хат 3:5; Петір 1-хаты 1:3; Жохан. 1-хаты 2:29; 3:9; 4:7; 5:1-4,18). Сол сияқты Жохан жазған Ізгі хабардың 1:12,13 аяттарында «көктен қайта туылған» сенушілер Иса Мәсіхке деген сенімдері арқылы Құдайдың балаларына айналады деп айтылған.

Осыдан мынандай қисынды сұрақ туындайды: «Адам не үшін қайта туылу керек?» Ефестіктерге арналған хаттын 2:1 аятында Пауыл елші: «Бұрын сендер Құдайдың бұйрығын бұзып, күнә жасай бергендіктен рухани өлі едіңдер» деді. Ал Римдіктерге арналған хаттың 3:23 аятында ол былай жазды: «Бәрі де күнә жасап, Құдайдың өздеріне белгілеген ұлылығынан құр алақан қалды». Сондықтан біз күнәларымызға кешірім алып, Құдаймен қарым-қатынасымызды қалпына келтіру үшін көктен қайта туылуға мұқтажбыз.

Бұл қалай болады? Ефестіктерге арналған хаттың 2:8,9 аяттарында былай айтылған: «Себебі Құдайдың рақымымен, Мәсіхке деген сенімдерің арқылы құтқарылдыңдар. Бұл - өздеріңнің жетістіктерің емес, Құдайдан келген сый, сондықтан игі істерімнің арқасында құтқарылдым деп ешкім мақтанбасын». Адам «құтқарылған» кезде қайта туылып, рухани жаңарып, жаңадан туылу құқығының негізінде Құдайдың баласына айналады. «Рухани жағынан қайта туылу» біздің күнәларымыз үшін айқышта өмірін қиған Иса Мәсіхке сенуді білдіреді. «Сонымен, біреу Мәсіхпен тығыз байланысса, сол - жаңадан жаратылған адам» (Қорынт. 2-хат 5:17а).

Егер сіз Құтқарушы Иса Мәсіхке әлі сенбеген болсаңыз онда Киелі Рухтың өзіңіздің жүрегіңізге түрткі салып тұрғанын сезіп тұрсыз ба? Сізге қайта туылу керек. Тәубеге келу мінажатымен сиынып, бүгін-ақ жаңа адам болуға тілегіңіз бар ма? «Бірақ Оны қабылдап, Оған сенім артқандардың бәрін Ол Құдайдың рухани балалары болуға құқықты етті. Бұлар табиғи жолмен, пенденің қалауы бойынша бұл дүниеге келгендіктен емес, Құдай оларға шынайы өмір бергендіктен ғана Оның рухани балалары болды» (Жохан 1:12-13).

Егер Иса Мәсіхті өзіңіздің Құтқарушыңыз ретінде қабылдап, жаңадан туылғыңыз келсе мына қарапайым мінажатпен сиыныңыз. Алайда есіңізде бір нәрсені сақтағаныңыз жөн болады: адам мінажатты әншейін айта беру арқылы құтқарылмайды. Сіз Иса Мәсіхке шын жүректен сену арқылы ғана күнәларыңыздан және олардың зардабынан құтқарыла аласыз. Ал мінажат ету арқылы сіз өзіңіздің Құдайға сенетініңізді және сізді құтқарғаны үшін Оған риза екеніңізді білдіресіз.

«Құдайым! Мен Сенің алдында күнә жасағанымды мойындаймын және жазалануға тиісті екенімді білемін. Бірақ Иса Мәсіх менің Оған артқан сенімім арқылы кешірілуім үшін менің тартатын жазамды Өз мойнына алды. Мен өз күнәларымды мойындаймын және менің құтқарылу жолым жалғыз Сен ғана екеніне сенемін. Сенің маған төккен рақымыңа және бірген кешіріміңе рахмет! Аумин!»

Сіз осы жерде айтылғанды оқығаннан кейін Мәсіхті қабылдау жайында шешім жасадыңыз ба? Егер «иә» десеңіз, онда, «Мен бүгін Мәсіхті қабылдадым» деген түймені басыңыз.



Қазақ тіліндегі алғашқы параққа оралыңыз



Қайта туылған мәсіхші деген сөздің мағынасы қандай?