settings icon
share icon
Сұрақ

Мәсіхшілер мен мұсылмандар бірдей Құдайға табынады ма?

Qazaq

Жауап


Бұл сұраққа жауап беру үшін біріншіден «бірдей Құдай» деген сөздің нені білдіретінін анықтап алайық. Мұсылмандар мен мәсіхшілердің Құдай жайлы көзқарастарының көбісінің ұқсас келетіні рас. Демек мұсылмандар да, мәсіхшілер де Құдайды құдіретті, киелі, адал, барлығын білетін және бір сәтте барлық жерде бола алатын Тұлға деп санайды. Исламда да, мәсіхшілікте те Құдай бүкіл әлемді жаратқан Тұлға деп есептелінеді. Осы жағынан «мәсіхшілер мен мұсылмандар бірдей Құдайға табынады» деп айтуға болады.

Дегенмен мәсіхшілік пен исламның арасында өте маңызды айырмашылықтар бар. Мұсылмандар Алланы сүйіспеншілікке толы әрі рақымды деп санағанымен ислам дінінде Алланың осы қасиеттері мәсіхшілік ілімдегіндей көрінбейді. Ең үлкен айырмашылық - мұсылмандардың Құдайдың адамға айналғанына сенбейтіні. Ал мәсіхшілер Құдай адамға, яғни Иса Мәсіхке айналып, осы әлемге келіп кеткен деп сенеді. Мұсылмандар бұл түсінікті Құдайға тіл тигізу деп санайды. Мұсылмандар Алланың адамға айналып бүкіл адамзаттың күнәларының құнын төлегеніне ешқашан сене алмайды. Ал Мәсіхтің адамзаттың күнәлары үшін өлуі мәсіхшілік ілімнің ең маңызды бөлігі болып табылады. Құдай адамға Өз сүйіспеншілігін көрсетіп, Оған жақын болу үшін және, ең маңыздысы, адамның күнәларын кешіріп, оны құтқару үшін осылай істеді.

Сонымен, мәсіхшілер мен мұсылмандар бірдей Құдайға табынады ма? Бұл сұраққа «иә» деп те, «жоқ» деп те жауап беруге болады. «Осы екеулері де Құдайдың қандай екенін дұрыс түсінеді ме?» Бұл сұраққа сөзсіз «жоқ» деп жауап бермекпіз. Мәсіхшілер мен мұсылмандардың Құдай жайлы түсініктерінің арасында бірнеше үлкен айырмашылық бар. Осы екі ілімнің біреуі дұрыс, ал басқасы бұрыс. Біз мәсіхшілік ілімі дұрыс дейміз, өйткені күнәның құны төленбейінше құтқарылу жоқ. Осындай орасан құнды Құдай ғана төлей алатын еді. Құдайдың адамға айналып біздің орнымызда өлуі біздің күнәларымыздың өтелуінің жалғыз жолы болған (Рим. хат 5:8; Қорынт. 2-хат 5:21).

English



Қазақ тіліндегі алғашқы параққа оралыңыз

Мәсіхшілер мен мұсылмандар бірдей Құдайға табынады ма?
© Copyright Got Questions Ministries