settings icon
share icon
Сұрақ

Киелі кітап бойынша мастурбация күнәға жатады ма?

Qazaq

Жауап


Киелі кітаптың еш жерінде мастурбация анық түрде күнә деп аталмайды. Алайда адамды мастурбациямен айналысуға қоздыратын әрекеттердің барлығын сөзсіз күнәға жатқызуға болады. Мастурбация мына әрекеттердің нәтижесі: жыныстық қиялдарға беріліп құмарлану, жыныстық ойларды қоздыру немесе порнографиялық бейнелерге қарау. Адам біріншіден осы мәселелермен күресу керек. Адам жыныстық құмарлану мен порнографияны қарау сияқты күнәлардан арылса, мастурбациядан да арылады.

Киелі кітап бізге жыныстық азғындықтан аулақ болуды ескертеді (Ефес. хат 5:3). Менің ойымша мастурбацияны да жыныстық азғындыққа жатқызуға болады. Бір нәрсенің күнә немесе күнә емес екенін кейде былай тексеруге болады: сіз өзіңіз істеген бір әрекет немесе өзіңізге келген бір ой туралы басқаларға мақтанышпен айта алмасаңыз, яғни (басқаларға білдіргіңіз келмей) сол нәрсе үшін ұялсаңыз, бәлкім ол күнә болар. Әдетте біз бір арнайы әрекеттің Құдайдың қызметіне пайдалы болатынын білсек, біз Одан осы әрекет үшін бата сұрай аламыз. Менің ойымша мастурбация мұндай әрекеттердің қатарына мүлдем жатпайды.

Киелі кітап бізге былай үйретеді: «Басты қағида мынау: не ішіп-жесеңдер де, не істесеңдер де, бәрін Құдайды дәріптеу үшін істеңдер!» (Қорынт. 1-хат 10:31). Егер біз: «Мына қылығымды Құдай ұнатпауы мүмкін», - деп күдіктенсек, онда сол нәрседен арылғанымыз дұрыс болады. Мастурбация жайлы да күдіктенгеніміз жөн болар. «Адамның дұрыс екендігіне күмәны бола тұра істеген істерінің бәрі де күнә» (Рим. хат 14:23). Мен Киелі кітапқа жүгінген кезде мастурбацияны Құдайдың атын мадақтайтын әрекетке жатқыза алмаймын. Сонымен бірге Құдай біздің денелеріміз бен жандарымызды Өзінің киелі қанымен өтеп алған. Яғни біздің денелеріміз бен жандарымыз енді Онікі. Біз осыны да ұмытпауымыз керек. «Әлде денелеріңнің Киелі Рух мекендейтін киелі үй екенін білмейсіңдер ме? Сендер Құдайдан қабылдаған Киелі Рух бойларыңдан орын алды. Енді өз меншіктерің емессіңдер, Иеміз сендерді үлкен құн төлеп, күнәның құлдығынан азат етті. Ендеше денелеріңмен Құдайдың даңқын арттырыңдар!» (Қорынт. 1-хат 6:19-20). Біз осы ақиқатқа сүйеніп, өз денелерімізді бақылауымыз керек. Жаңағы айтылған шындықтардың барлығына жүгіне отырып, мен мастурбацияны күнә деп есептеймін. Мен осы әрекеттің Құдайға ұнамды екеніне және жыныстық азғындыққа жатпайтынына еш сенбеймін. Сонымен бірге мен бұл әрекет Құдайдың біздің денемізге толық билігін жүргізуіне кедергі жасайды деп қорытындылаймын.

English



Қазақ тіліндегі алғашқы параққа оралыңыз

Киелі кітап бойынша мастурбация күнәға жатады ма?
© Copyright Got Questions Ministries