settings icon
share icon
Сұрақ

Өлімнен кейін өмір бар ма?

Qazaq

Жауап


Киелі кітапта былай жазылған: «Әйелден туылған адамның өмірі қысқа және қайғыға толы: атып шығатын және солып қалатын гүл тәрізді, тоқтамай еріп жүретін көлеңке секілді... Адам өлгеннен кейін қайта өмір сүреді ме екен?» (Әйүп 14:1-2,14).

Әйүп пайғамбар өзіне қойған осы сұрақ бәрімізді де толғандырады. Өлгеннен кейін бізбен не болады? Біз мүлдем жойылып кетеміз бе? Өмір деген өзі не? Адамдардың өзінің жеке атағын шығару үшін жерге кезекпен келіп кетіп тұруы ма? Біз өлгеннен кейін әр түрлі жерге барамыз ба әлде барлығымыз бір жерде боламыз ба? Жұмақ пен тозақ шынымен бар ма әлде бұл әншейін ойдағы нәрсе ме?

Киелі кітапта өлімнен кейін тағы басқа өмірдің бар екені айтылған. Құдайдың сөзі осымен ғана шектелмей, сол мәңгілік өмірдің қаншалықты ғажап әрі салтанатты екенін де айтады: «Көз көріп, құлақ естімеген, адам ойына ешқашан келмеген игіліктерді Құдай Өзін сүйетіндерге дайындап қойған болатын» (Қорынт. 1-хат 2:9). Құдай бізге мәңгілік өмір сыйлау үшін Иса Мәсіхке айналып осы әлемге келді. «Алайда Құдайдың Қызметшісі біздің күнәларымыз үшін түйреліп, біздің әділетсіз істеріміз үшін құртылды. Оның тартқан жазасы бізге амандық пен тыныштық әкелді. Оның жараларының арқасында біз сауықтық» (Ишая 53:5)

Иса біздің әрқайсымыздың жазасын Өз мойнына алып, өмірін құрбандыққа берді. Үш күннен кейін Ол рухымен де, тәнімен де қайта тіріліп, өлімді жеңгенін дәлелдеді. Кейін көктегі мәңгілік үйіне көтерілместен бұрын Мәсіх жерде қырық күн бойы жүріп мыңдаған адамдарға көрінді. Римдіктерге арналған хаттың 4:25 аятында Мәсіх туралы былай айтылған: «Иеміз Исаны Тәңір күнәмыздың құнын төлеу үшін құрбандыққа қиды және ақталғандығымызды дәлелдеу үшін қайта тірілтті».

Мәсіхтің өлімнен қайта тірілуі дәлелденген оқиға. Елші Пауыл адамдарға осы оқиғаға куә болғандардың сөздерін сараптатқызды. Сол кезде Мәсіхтің өлімнен қайта тірілгені жайындағы шындықты ешкім де жоққа шығара алмады. Сондықтан Исаның өлімнен қайта тірілуі мәсіхшіліктің ірге тасы болып табылады. Демек Исаның өлімнен қайта тірілгеніне негізделіп біз де өзіміздің қайта тірілетінімізге сенеміз.

Елші Пауыл осы шындыққа сенбеген алғашқы мәсіхшілерді әшкерелеген кезде оларға былай деді: «Осылай Мәсіхтің өліп, қайта тірілгені жарияланып жатқанда, қайсыбіреулерің қалайша «өлгендердің қайта тірілуі жоқ» дей аласыңдар? Егер өлгендердің қайта тірілуі жоқ болса, онда Мәсіх қайта тіріле алмас еді» (Қорынт. 1-хат 15:12-13).

Мәсіх қайта тірілгендердің алғашқысы ғана болды. Барлығымыздың арғы атамыз Адам арқылы дүниеге тәндік өлім келді. Алайда Иса Мәсіхке сену арқылы Құдайдың отбасына қабылданған әркімге енді жаңа өмір беріледі (Қорынт. 1-хат 15:20-22). Құдай бұрын Исаны қайта тірілткен болатын; енді Иса қайта оралған кезде Құдай бізді де дәл солай өлімнен қайта тірілтеді (Қорынт. 1-хат 6:14).

Дегенмен адамдардың әрқайсысы қайта тірілгенімен барлығы бірдей жұмаққа бармайды. Әркім өзінің мәңгілікте қайда болатынын осы жерде өмір сүрген кезде таңдау керек. Киелі кітапта “адам бір рет өліп, содан соң қиямет сотының алдында тұрады” деп жазылған (Еврей. хат 9:27). Құдайдың алдында ақталғандар мәңгілік өмірге ие болып жұмаққа барады, ал Оған сенбегендер тозаққа тасталып мәңгілік азап шегетін болады (Матай 25:46).

Жұмақ пен тозақ - адамның өлімнен кейін қандай қалыпта болатынын сипаттайтын сөздер ғана емес. Олар – шынымен бар орындар. Тозақ - сенбеушілер Құдайдың тоқтамсыз қаһарына тап болатын орын. Ол жерде Құдайды танымағандардың жаны да, тәні де еш тоқтамсыз қиналып, осы сорлылар мәңгі-бақи қайғырып өкініп, масқараланып ұялатын болады.

Құдай сөзінде тозақ түбі көрінбейтін тұңғиық немесе жанған күкіртке толы көл ретінде сипатталады (Лұқа 8:31; Аян 9:1), оны мекендейтіндер күні-түні мәңгілік азап шегеді. (Аян 20:10). Ондағы жандар қайғы мен ашудан зар еңіреп жылап, қинала тістенетін болады (Матай 13:42). Бұл жерде сенбеушілердің «тәндерін кеміретін құрттар да өлмейді, от та сөнбейді» (Марқа 9:48). Алайда Құдай күнәкарлардың осылай азап шегуіне еш қуанбайды. Керісінше, Құдай олардың күнәлы жолдан бас тартып, аман қалғандарын қалайды (Езекиел 33:11). Алайда Ол бізді Өзіне зорлықпен бағындырғысы келмейді. Сондықтан біз Оны қабылдаудан бас тартсақ, Оның бір ғана таңдауы қалады, яғни біз тілегімізге сай Одан ажыраймыз.

Осы жердегі өміріміз о дүниедегі тағдырымызға байланысты сынақ әрі дайындық болып табылады. Мәсіхке сенетін адамдардың болашақ тағдыры – Құдаймен бірге мәңгілік өмір сүру. Сонда біз қалай Құдайдың алдында ақталып мәңгілік өмірге ие боламыз? Мәңгілік өмірге ие болудың бір ғана жолы бар: Құдайдың Ұлы Иса Мәсіхке сену. Исаның Өзі былай деген: «Қайта тірілу мен шынайы өмір – Менмін. Маған сенетін адам өлсе де, шынайы өмір сүретін болады. Осылай өмір сүріп, Маған сенген әрбір адам ешқашан да рухани өлмейді» (Жохан 11:25-26).

Мәңгілік өмір сыйын барлық адамдар ала алады, бірақ оған ие болу үшін біз осы әлемнің өткінші әрі күнәлы ләззаттарынан бас тартып, өзімізді Құдайға бағыштауымыз керек. «Құдайдың рухани Ұлына сенушілер мәңгілік өмірге ие. Ал Оны тыңдамағандар шын өмірді көрмей, Құдайдың төніп тұрған қаһарына ұшырайды» (Жохан 3:36). Біз өлгеннен кейін күнәларымыз үшін кешірім ала алмаймыз, өйткені Құдаймен бетпе-бет кездескен кезде бізде Оған сенуден басқа амал қалмайды. Құдай біздің Оған дәл қазір сеніммен және сүйіспеншілікпен келгенімізді қалайды. Егер біз Иса Мәсіхтің өлімін Құдайға қарсы істеген күнәларымыздың төлемі ретінде қабылдасақ, онда біздің осы әлемдегі өміріміз жарылқанып, сондай-ақ Мәсіхпен бірге мәңгілік өмір сүретімізге кепілдік беріледі.

Егер сіз Иса Мәсіхті өзіңіздің жеке Құтқарушыңыз ретінде қабылдап, Құдайдан кешірім алғыңыз келсе төменде көрсетілгендей мінажат етіңіз. Алайда есіңізде болсын: сіз әншейін сиыну арқылы құтқарылмайсыз, ең бастысы сіз өз күнәларыңыздың Иса Мәсіх арқылы кешірілгеніне сенуіңіз керек. Ал мінажат ету арқылы сіз өзіңіздің Құдайға сенетініңізді және сізді құтқарғаны үшін Оған риза екеніңізді білдіресіз.

«Құдайым! Мен Сенің алдында күнә жасағанымды мойындаймын және жазалануға тиісті екенімді білемін. Бірақ Иса Мәсіх менің Оған артқан сенімім арқылы кешірілуім үшін менің тартатын жазамды Өз мойнына алды. Мен өз күнәларымды мойындап олардан бас тартамын және менің құтқарылу жолым жалғыз Сен ғана екеніне сенемін. Сенің маған төккен рақымыңа және бірген кешіріміңе рахмет! Аумин!»

Сіз осы жерде айтылғанды оқығаннан кейін Мәсіхті қабылдау жайында шешім жасадыңыз ба? Егер «иә» десеңіз, онда, «Мен бүгін Мәсіхті қабылдадым» деген түймені басыңыз.

English



Қазақ тіліндегі алғашқы параққа оралыңыз

Өлімнен кейін өмір бар ма?
© Copyright Got Questions Ministries