settings icon
share icon
Сұрақ

Киелі кітапта динозаврлар туралы не айтылған? Киелі кітапта жалпы динозаврлар туралы айтылады ма?

Qazaq

Жауап


Киелі кітапта динозаврлар туралы айтылады ма? Осы жайлы мәсіхшілердің өздері де бір-бірімен дауласуда. Даулар әдетте мына сұрақтардан туындайды: Жер шары қашаннан бері бар? (Оның жасы нешеде?) Жаратылыстың басталуы атты кітабында сипатталған оқиғалар мен айналамыздағы физикалық дәлелдерді қалай дұрыс сараптауға болады? Жер шары ұзақ уақыттан бері бар дейтіндер Киелі кітапта динозаврлар туралы ештеңе айтылмаған деп пайымдайды, өйткені олардың ойынша динозаврлар бірнеше миллион жыл бұрын, яғни адам әлі жоқ болған кезде, қырылып қалған болатын. Осылай ойлайтындар «Киелі кітапты жазған адамдардың ешқайсысы тірі динозаврларды көрген жоқ» деп санайды.

Жер шары жақыннан бері бар дейтіндер Киелі кітапта динозаврлар туралы айтылған деп санайды. Осындайлардың ойынша Киелі кітапта динозаврлар басқаша, демек, еврей тіліндегі таннивн деген сөзбен аталады. Осы сөз басқа тілдерге әр қалай, кейде «теңіз құбыжығы», кейде «жылан», ал әдетте «айдаһар» деп аударылады. Киелі кітаптағы сипаттамасына қараған кезде таннивн орасан бауырымен жорғалаушы болған сияқты. Көне келісімде олар туралы үш рет айтылады және осы айтылған сөздерден біз олардың құрлықта да, суда да өмір сүргенін білеміз.

Көне келісімде орасан бауырымен жорғалаушылар туралы үш рет жазылғанын қайта айта кетейік. Сонымен бірге Киелі кітапта тағы екі тіршілік иелері туралы айтылған, олар да динозаврлар болған сияқты. Бегемот деп аталатын орасан тіршілік иесі Құдайдың жаратылысының ең мықтысы деп сипатталады, оның құйрығы кедр ағашына ұқсатылады (Әйүп 40:15). Кейбір ғұламалар осы бегемотты кәдімгі бегемот немесе піл деп есептесе, басқалар осы пікірді жоққа шығарады, өйткені піл мен бегемоттың құйрықтары жіңішке, яғни кедр ағашына мүлдем ұқсамайды. Ал брашиозавр мен диплодок сияқты диноврлардың құйрықтары өте үлкен болған, демек кедр ағашына өте оңай ұқсатылады.

Көне өркениеттердің әрқайсысында дерлік орасан бауырымен жорғалаушылардың суреттерін табуға болады. Солтүстік Америкада табылған петроглифтер (тастағы суреттер мен жазулар), көне бұйымдар және балшықтан жасалған кішкентай мүсіндер динозаврларға ұқсайтын болып шықты. Оңтүстік Америкадағы тастардан диплодокқа мініп отырған адамдардың сүреті табылды. Осы тастардағы басқа суреттердің трицератопс, птеродактиль және тиранозавр-рекс сияқты динозаврларға ұқсайтыны өте таңғаларлық жағдай. Римдік мозаикалар, майя тайпасының балшықтан жасалған бұйымдары және Бабыл қаласының қабырғаларындағы сүреттер, осының барлығы сол замандағы адамдардың (жер шарының қай жерінде болса да) осы тіршілік иелеріне қайран қалып жүргендерін білдіреді. Марко Полоның Ил Милионе деген шығармасына ұқсас ғылыми кітаптар осы тақырыпты байсалды түрде сараптаса, көптеген ертегілерде алтын қазынаны күзететін құбыжықтар туралы көп айтылады. Тіпті қазірдің өзінде біз жер шарының кейбір орындарында көрініп қалған құбыжықтар туралы естіп жатамыз, алайда адамдардың көпшілігі мұндай хабарларға үлкен сенімсіздікпен қарайды.

Динозаврлар мен адамдардың бірдей уақытта өмір сүргені жайлы антропологиялық және тарихи дәлелдер көп. Сонымен бірге осы жайлы физикалық дәлелдер де жоқ емес: Солтүстік Америка мен Батыс Орта Азияда адамдар мен динозаврлардың бірдей уақытта түскен іздері табылды.

Сонымен, Киелі кітапта динозаврлар туралы айтылады ма? Бұл тақырып туралы болып жатқан даулар жақын арада бітпес. Бұл жағдай сіздің бар дәлелдерді қалай қабылдайтыныңызға және айналаңыздағы әлемге қалай қарайтыныңызға байланысты. Ал осы GotQuestions.org сайтындағы біздер Жер шарының жақында пайда болғанына және адамдар мен динозаврлардың бірге өмір сүргендеріне сенеміз. Біздің ойымызша динозаврлар Нұхтың заманындағы топан судан кейін қырылып қалған. Осының екі себебі болған. Бірінші себеп: динозаврлар климаттың түбегейлі өзгергеніне төзе алмады; екінші себеп: адамдар үнемі оларды аулап, ақыр аяғында барлығын қырып тастаған.

English



Қазақ тіліндегі алғашқы параққа оралыңыз

Киелі кітапта динозаврлар туралы не айтылған? Киелі кітапта жалпы динозаврлар туралы айтылады ма?
© Copyright Got Questions Ministries