Исаны өзіңіздің Құтқарушыңыз ретінде қабылдау деген нені білдіреді?




Сұрақ: Исаны өзіңіздің Құтқарушыңыз ретінде қабылдау деген нені білдіреді?

Жауап:
Сіз Иса Мәсіхті өзіңіздің Құтқарушыңыз ретінде қабылдадыңыз ба? Сіз жауап берместен бұрын бұл сұрақты сізге түсіндіріп беруге рұқсат етіңіз. Осы сұрақты дұрыс түсіну үшін сіз біріншіден «Иса Мәсіхтің» Кім екенін және «құтқарушы» деген сөздің мағынасын дұрыс ұғып алуыңыз керек.

Иса Мәсіх Кім? Көптеген адамдар Иса Мәсіхті әділ адам және Ұлы Ұстаз деп есептейді, тіпті Оның Құдайдың пайғамбары екенін де келіседі. Бұл пікірлердің барлығы дұрыс болғанымен, олар Исаның басты қасиетін білдірмейді. Киелі кітап бойынша Иса - адамға айналып осы әлемге келген Құдайдың Өзі болған (Жохан 1:1,14). Яғни Құдай осы дүниеге бізді үйретіп, тәрбиелеп, кешіру үшін және біздің орнымызда өлу үшін келді! Иса Мәсіх – Құдай және құдіреті шексіз Жаратушы Ие. Сіз осы Исаны қабылдадыңыз ба?

Құтқарушы деген кім және біз неге Оған мұқтажбыз? Киелі кітаптың айтуы бойынша біздің барлығымыз зұлым әрекеттер істеген күнәкар болып табыламыз (Рим. хат 3:10-18). Біз күнәларымыз үшін Құдайдың қаһары мен жазасына тартылуымыз керек. Мәңгілік және шексіз Құдайға қарсы жасалған күнәларымыз үшін берілуге тиісті жалғыз әділ жаза – мәңгілік өлім. (Рим. хат 6:23; Аян 20:11-15). Осы себептен бізге Құтқарушы керек!

Иса Мәсіх көктен жерге түсіп, біздің орнымызда өлді. Иса адам кейіпінде келген Құдай болғандықтан Өзінің өлімі арқылы бізді күнәларымыздың орасан құнын өтеді (Қорынт. 2-хат 5:17). Иса біздің күнәларымыздың жазасын Өз мойнына алып өлді (Рим. хат 5:8). Енді бізге кылмыстарымыздың құнын төлеудің қажеті жоқ. Исаның өлімнен қайта тірілуі Оның өлімінің біздің күнәларымыздың құнын толықтай өтегенін білдіреді. Сондықтан Иса – жалғыз Құтқарушы болып табылады (Жохан 14:6; Елшілер. істері 4:12). Сіз Исаға өзіңіздің Құтқарушыңыз ретінде сенім артасыз ба?

Иса сіздің «жеке» Құтқарушыңыз ба? Көптеген адамдар мәсіхшілікті әншейін қауымға бару, салт-дәстүрлерді ұстану және кейбір күнәлардан тартыну деп есептейді. Алайда осы нәрселерді барлығы шынайы мәсіхшілік емес. Шынайы мәсіхшілік - Иса Мәсіхпен жақын қарым-қатынаста болу. Исаны Құтқарушым деп қабылдау - өмірімізді Оған тапсырып, Оған сенім арту. Басқа біреудің сенімі арқылы ешкім де құтқарыла алмайды. Арнайы игі істер жасау арқылы да ешкім кешірім ала алмайды. Құтқарылудың жалғыз жолы мынандай: Иса Мәсіхті жеке Құтқарушыңыз ретінде қабылдаңыз, Оның Өз өлімі арқылы сіздің күнәларыңыздың төлемін өтегеніне сеніңіз, сонымен бірге Оның өлімнен қайта тірілгенін сіздің мәңгілік өмірге ие болғаныңыздың кепілдігі деп есептеңіз (Жохан 3:16). Иса сіздің жеке Құтқарушыңыз ба?

Егер сіз Иса Мәсіхті өзіңіздің Құтқарушыңыз ретінде қабылдағыңыз келсе, төменде көрсетілгендей мінажат етіңіз. Алайда есіңізде болсын: сіз әншейін сиыну арқылы құтқарылмайсыз, ең бастысы сіз өз күнәларыңыздың Иса Мәсіх арқылы кешірілгеніне сенуіңіз керек. Ал мінажат ету арқылы сіз өзіңіздің Құдайға сенетініңізді және сізді құтқарғаны үшін Оған риза екеніңізді білдіресіз.

«Құдайым! Мен Сенің алдында күнә жасағанымды мойындаймын және жазалануға тиісті екенімді білемін. Бірақ Иса Мәсіх менің Оған артқан сенімім арқылы кешірілуім үшін менің тартатын жазамды Өз мойнына алды. Мен өз күнәларымды мойындаймын және менің құтқарылу жолым жалғыз Сен ғана екеніне сенемін. Сенің маған төккен рақымыңа және бірген кешіріміңе рахмет! Аумин!»

Сіз осы жерде айтылғанды оқығаннан кейін Мәсіхті қабылдау жайында шешім жасадыңыз ба? Егер «иә» десеңіз, онда, «Мен бүгін Мәсіхті қабылдадым» деген түймені басыңыз.



Қазақ тіліндегі алғашқы параққа оралыңыз



Исаны өзіңіздің Құтқарушыңыз ретінде қабылдау деген нені білдіреді?