Киелі кітапта гомосексуализм туралы не айтылған? Гомосексуализм күнә ма?




Сұрақ: Киелі кітапта гомосексуализм туралы не айтылған? Гомосексуализм күнә ма?

Жауап:
Гомосексуализм Киелі кітаптың бірнеше жерінде күнә деп аталып, әшкереленеді (Жаратылыс. баст. 19:1-13; Леуілік. 18:22; Рим. хат 1:26-27; Қорынт. 1-хат 6-9). Ал Рим. хат 1:26-27 аяттары бойынша гомосексуализм - Құдайды жоққа шығарудан және Оған бағынбаудан шығатын күнә болып табылады. Адамдар Құдайға сенбей күнә жасай берсе Құдай оларды одан бетер жаман күнәларға батырып жібереді. Сөйтіп адамдар Құдайсыз өмірдің қаншалықты үмітсіз әрі бекер екенін көретін болады. Ал Қорынт. 1-хат 6:9 аятында: «Алданбаңдар: азғындар, ...еркекжанды еркектер... үшін Құдай Патшалығында орын жоқ!» - деп айтылған.

Құдай адамды гомосексуалист етіп жаратпайды. Киелі кітаптан біз адамның күнәның кесірінен гомосексуалист болып кететінін білеміз (Рим. хат 1:24-27), яғни адам осы жолды өз еркімен таңдайды екен. Кейбір адамдар басқаларға қарағанда туғанынан тез ашулануға, сотқар болуға немесе тағы басқа күнәлы әдеттерге көбірек бейім болуы мүмкін. Гомосексуализм де солай. Алайда осы жағдайды сылтауратып, күнәға батудың қажеті жоқ. Бір адам тез ашулануға бейім болып туылғандықтан басқалармен дауласып, төбелесу керек пе? Әрине, жоқ! Осы жағдай гомосексуализмге де қатысты.

Дегенмен Киелі кітап гомосексуализмді «күнәлардың ең үлкені» деп есептемейді. Құдай күнәлардың барлығын жек көреді. Қорынт. 1-хат 6:9-10 аяттарында келтірілген тізімде гомосексуализм де бар. Осы аятта көрсетілген күнәлардың барлығы адамның Құдайдың Патшалығына кіруіне кедергі болмақ. Алайда Киелі кітап бойынша Құдай тәубеге келген күнәкарлардың барлығына, гомосексуалисттерге, неке адалдығын бұзушыларға, пұтқа табынушыларға, кісі өлтірушілер, ұрыларға және басқа да күнәкарларға Өзінің рақымын жаудыра алады. Өзінің уәдесі бойынша Құдай сенушілерге күш береді, сондықтан Иса Мәсіхті Құтқарушы деп қабылдаған барлық адамдар күнәны жеңетін болады (Қорынт. 1-хат 6:11; Қорынт. 2-хат 5:17).



Қазақ тіліндегі алғашқы параққа оралыңыз



Киелі кітапта гомосексуализм туралы не айтылған? Гомосексуализм күнә ма?