Өлімнен кейін не болады?




Сұрақ: Өлімнен кейін не болады?

Жауап:
«Өлімнен кейін не болады?» деген сұрақ жайында көптеген түсінбеушіліктер пайда бола алады. Адамның «ең соңғы мәңгілік аялдамаға» қашан жететіні Киелі кітапта анық айтылмаған. Киелі кітап бойынша адам жан тапсырғаннан кейін не жұмаққа не тозаққа түспекші. Осы жағдай адамның Мәсіхті өзінің Құтқарушысы ретінде қабылдағаны не қабылдамағына байланысты болмақ. Исаға сенетін адамдардың жандары денелерінен шығып Жаратушының алдына баратын болады (Қорынт. 2-хат 5:6-8; Філіпі. хат 1:23). Ал Исаға сенбейтін адамдар өлгеннен кейін тозаққа түсіп, мәңгі-бақи жазаланады (Лұқа 16:22-23).

Өлімнен кейін болатын жағдайлар жайлы түсінбеушілік осы жерде пайда болуы мүмкін. Аян кітабының 20:11-15 аяттарынан біз тозаққа түскендердің барлығының отты көлге тасталатынын білеміз. Сонымен бірге осы кітаптың 21-22 тарауларында Жаңа Аспан мен Жер туралы айтылады. Осының барлығына қарағанда жағдай мынандай болатын сияқты: ең соңғы қайта тірілуге дейін адамдар «уақытша» жұмақ пен тозақта сақталмақшы. Демек адамның мәңгілік тағдыры өзгермейді (жұмаққа түсетіндер жұмаққа, ал тозаққа түсетіндер тозаққа түспек), алайда мекен-жайы өзгереді. Сенушілер өлгеннен кейін бір арнайы уақытта Жаңа Аспан мен Жаңа Жерге жіберіледі (Аян 21:1). Ал сенбеушілер бір арнайы уақытта отты көлге тасталады (Аян 20:11-15). Яғни адамдардың мәңгілік тағдыры олардың Иса Мәсіхке сенім артқандарына немесе артпағандарына байланысты болады, өйткені күнәларының жазасынан оларды Иса ғана құтқара алады.



Қазақ тіліндегі алғашқы параққа оралыңыз



Өлімнен кейін не болады?