Мәсіхшілер Көне келісімнің заңдарына бағынуға тиісті ме?




Сұрақ: Мәсіхшілер Көне келісімнің заңдарына бағынуға тиісті ме?

Жауап:
Осы мәселені дұрыс түсіну үшін біз Көне келісімнің мәсіхшілерге емес, Исраил халқына берілгенін білуіміз керек. Кейбір заңдар (мысалы Он өсиет) исраилдіктерге Құдайға бағынуды және Оны риза қылдыруды үйрету үшін берілсе, басқа заңдар (құрбандық шалу рәсімдері) оларға Құдайға табынуды үйретті. Ал кейбір заңдар исраилдіктерді (олардың жейтін тамақтары мен киген киімдеріне қарай) басқа ұлттардан ерекшелердіретін. Алайда қазіргі заманда Көне өсиеттегі заңдардың ешқайсысы бізге қатысты емес. Иса айқышта өлген кезде Көне келісімдегі заңдардың күші жойылды (Рим. хат 10:4; Ғалат. хат 3:23-25; Ефес. хат 2:15).

Енді біз Көне келісімдегі заңдардың орнына, Мәсіхтің заңына (Ғалат. хат 6:2) бағынамыз, ал Оның заңы мынандай: «Құдай Иеңді шын жүректен, бүкіл жан дүниеңмен, барлық ақыл-ойыңмен сүй! Бұл – ең ұлы да басты өсиет. Ал екінші де сол сияқты маңызды: Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй! Бүкіл Таурат заңы мен Пайғамбарлар жазбалары осы екі өсиетке негізделген» (Матай 22:37-40). Біз осы екі өсиетті ұстансақ, онда Мәсіхтің қалауын орындаймыз: «Ал өсиеттерін орындағанымыз – Құдайды сүйгеніміз; оларды орындау қиын емес» (Жохан. 1-хаты 5:3). Яғни енді Он өсиеттің мәсіхшілерге қатысы жоқ. Алайда Он өсиеттің тоғызы (демек демалыс күніне қатысты өсиеттен басқасы) Жаңа келісімде қайталанады. Бұның себебі мынандай: егер біз Құдайды шынымен сүйсек, біз жалған құдайлар мен пұттарға табынбаймыз; егер біз маңайымыздағы адамдарды сүйсек, онда оларға зұлымдық жасамаймыз (яғни оларды өлтірмейміз, оларға өтірік айтпаймыз, олардың мүлігіне қызықпаймыз, неке адалдығын бұзбаймыз т.б.). Сондықтан Көне өсиеттің талаптары енді бізге қатысты емес. Біз Құдайды және маңайымыздағы адамдарды сүйеміз. Егер біз осы екі игілікті істесек, басқаның барлығы орнымен болады.



Қазақ тіліндегі алғашқы параққа оралыңыз



Мәсіхшілер Көне келісімнің заңдарына бағынуға тиісті ме?